20
желтоқсан
2018
Казталов аудандық сотымен ҚК-нің 187 бабының 2 бөлігімен (ұсақ-түйек жымқыру) айыптау туралы қылмыстық ісі қаралды.
Сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы өтініштерін мәлімдеді.
ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сай, қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.
Соттың қаулысымен қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.