27
қыркүйек
2018
Талапкер К. жауапкер Б.дан 200 000 теңге берешек сомасын өндіріп алу туралы талап арызымен Қазталов аудандық сотына жүгінген.
Істің мән-жайы бойынша, талапкер жауапкерге 200 000 теңге ақшаны қарызға берген, алайда соңғы қарыз ақшасын бермеген. Сот отырысында тараптар араларындағы дауды судья-медиатор арқылы шешіп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтініштерін мәлімдеді.
ҚР АПК-нің 277 б. 6 б. егер тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаса және оны сотпен бекітсе, сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.ҚР АПК-нің 278 б. сәйкес тараптарға іс бойынша іс жүргізудің тоқтатылуының салдары түсіндірілді.
Қайнар: Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.