16
сәуір
2019
«Бітімгершілік: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасы шеңберінде Бөрлі ауданында Билер кеңесін тағайындау туралы отырысы өтті.
Шарада жергіліктті қоғамдық өкілдері және бұқаралық ақпараттық құралдары қатысты.
Бөрлі аудандық сотының төрағасы Гамал Кулмуханов және Бөрлі ауданы әкімдігі әкімнің м.а. Алпамыс Кушкинбаев Билер кеңесінің құрамын мақұлдады. Билер кеңесінің құрамын ережелерімен таныстырды сонымен қатар жұмыс жоспары туралы түсініктер берілді.
Солардың ішінде соттар мен құқық қорғау органдарына көрсетілетін көмек яғни бірлесіп жасалатын әлеуметтік шиеленісті төмендету болып табылатынын айтып өту қажет.
Еске саламыз, Билер кеңесі Батыс Қазақстан облысында 11 ауданда құрылды, олардың белсенділігі 108 ауылдық округтарда қамтылды.
Қайнар: Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.