20
қыркүйек
2018
Казталов аудандық сотымен берешектерді өндіру туралы талап арыздар бойынша бес азаматтық іс қаралды.
Аталған азаматтық істерді қарау барысында, тараптар медиатордың көмегімен келісімге келіп, дауды медиация тәртібінде реттеу келісімін жасап, оны бекітуді сұрады.
Бұндай жағдайда, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 277-бабының 6-тармақшасына сәйкес, егер тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаса және оны сот бекітсе, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.
Соттың ұйғарымымен тараптардың дауды сот медиациясы тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
ҚР Азаматтық процестік кодексінің 115-бабының 2-бөлігі және ҚР Салық Кодексінің 548-бабы 1-тармағының 1-2)-тармақшасына сәйкес, төленген мемлекеттік баж талапкерге бюджеттен қайтарылды.