16
сәуір
2019
Бәйтерек аудандық сотымен "Отбасылық сот" пилоттық жобасы аясында неке бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.
Психологтің және медиатордың көмегімен жүргізілген сұхбаттасудың арқасында іс бойынша тараптар өзара келісімге келіп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді рәсімдеп, істі қысқартуды сұрады.
Сот басқа біреудің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірмейтін, заңға қайшы келмейтін ұсынылған келісімді зерделеп, тараптарға дауды медиация тәртібімен реттеу және іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы келісім жасасудың салдарын түсіндірді.
Сотпен осы келісім бекітілді, іс өндірістен қысқартылды. Төленген мемлекеттік баж талапкерге қайтарылды.
Қайнар: Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі