16
сәуір
2019
Казталов ауданының №2 аудандық соты Жалпақтал ауылдық округі әкімі аппаратымен бірлесіп «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жоба аясында Татуласу орталығын ашты. Мұндағы мақсат – халыққа дауларды және жанжалдарды соттан тыс реттеу бойынша қызмет көрсету. Орталық дауларды соттан тыс шешуді кеңейту және қоғамдағы жанжалды төмендету бағытында жұмыс істейтін болады. Сотта қаралатын даулар мен жанжалды жағдайларды барынша азайту, сондай-ақ қоғамды өзара құрмет пен түсіністікке тәрбиелеу үшін медиацияны кеңінен қолдану маңызды. Медиацияны тек сотта ғана емес, сонымен қатар соттан тыс жүргізу қажет.
Орталықта азаматтар мамандардан білікті көмек алып, татуластыру рәсімінің ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы біле алады. Медиация сонымен қатар дауларды татуласу жолымен қысқа мерзімнің ішінде әрі соттан тыс шешуге қол жеткізеді.
Қайнар: Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.