24
қаңтар
2019
Батыс Қазақстан облыстық сотында облыс медиаторларының байқауы қорытындыланды.
Іс-шараға облыстың судьялары, медиаторлар, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ сарапшысы Талшин Италиева, «Медиация орталығының» басшысы, тренер-медиатор Жанділдә Жақыпов қатысты.
Конкурс «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ БҚО медиацияны дамытуға бағытталған аймақтық жобаларды қолдау мен медиация институтын насихаттау мақсатында облыстық сот және сандық медиация порталын әзірлеуші «Logitex» ЖШС–мен ұйымдастырылды. Байқау сандық медиация порталында тіркелген медиаторлар арасында өтті, 10 медиатор конкурсқа қатысуға өтінім берді.
Облыстық сот төрағасы Бек Аметов іс-шараға қатысушыларды құттықтай отырып, бітімгерлік рәсімдерді және сотқа дейінгі дауды шешу институттарын одан әрі дамыту сот жұмысының басым бағыты екенін атап өтті. Облыстық әкімдіктің қолдауымен облыстық сотпен www.mzko.kz БҚО-ның электрондық сандық медиация порталы іске қосылды.
Портал «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының бөлігі болып табылады және аймақтағы медиацияны дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған. Қызмет тұрғындарға медиаторға онлайн-өтінім беру, оны тіркеу және медиатордың деректерін мен қабылдау уақытын қамтитын хабарламамен түбіртек беру қызметтерін ұсынады. «Бүгін біз жылдың қорытындысы бойынша үш номинацияда үздік көрсеткіштермен көзге түскен медиаторлардың қызметін атап өткізіміз келеді», - деді Б.Әметов.
«Дауларды шешудің үздік рейтингі» номинациясында Батыс Қазақстан облысының медиаторлар одағының төрағасы Алуа Рахишеваның қызметі атап өтілді. «Халық таңдауы» номинациясы (медиатор туралы ең жақсы пікір) Рада Хайрушеваға табысталды. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының кәсіби медиаторы Зауреш Шатикова «Медиаторларға өтінімдер бойынша үздік рейтингі» номинациясында жеңімпаз атанды.
Облыстық соттың төрағасы Б.Аметов «Logitex» ЖШС-і компаниясының атынан жеңімпаздарға ақша сертификаттарын табыс етті.
Бұдан басқа, Анар Абдугалиева және Сәуле Мұқанова сынды медиаторлар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қайнар: Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.