17
қыркүйек
2018
«Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы аясында Орал қаласының Салтанат Сарайында Форум өткізіліп, Жоғарғы Соттың "Татуласу: сотқа дейін, сотта" жобасының әкімшісі Гүлнар Боранбаева зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
Іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов, «Бірлесе даму әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту» қоғамдық қорының президенті Нұргүл Карағойшина, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдері, қоғамдық ұйымдар, Қазақстан халқы Ассамблеясының филиалы, этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, кәсіподақ комитеті, ардагерлер кеңесінің төрағалары, мәслихат депутаттары, облыстың құрметті азаматтары, барлығы жүзден астам адам қатысты.
Бұл оқиға медиация институтын соттар мен құқық қорғау органдарының қатысуынсыз жанжалдар мен дауларды шешудегі перспективалық және балама әдіс ретінде халық арасында медиация институтын дәріптеу, әлеуметтік және құқықтық қақтығыстарды болдырмау, шешу жолдары, дауларды шешудің алдын-ала механизмі ретінде дамытуға бағытталған.
Іс-шараның мақсаты медиация институтын қоғамда жанжалдардың деңгейін төмендету механизмі ретінде дамыту, дауларды сотқа дейінгі реттеу, тұрғындар арасында медиация институтын, соның ішінде соттар мен құқық қорғау органдарының қатысуынсыз дау-дамайды шешудің тәсілі ретінде Жоғарғы Соттың бастамасымен құрылған Билер Кеңесін халық арасында дәріптеу болып табылады.
«Бірлесе даму әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту» қоғамдық қорының президенті Нұргүл Карағойшина Форумды ашып, құттықтау сөз сөйледі.
Форумда сөз сөйлеген Гүлнар Боранбаева медиацияның даулар мен қақтығыстарды реттеудің нақты құралы болып табылатынын атап өтті. Медиацияның дамуы елдегі қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Статистикалық деректерді келтіре отырып, Жоғарғы Сот Төрағасының кеңесшісі «Медиацияны қолдауға бағытталған келісу рәсімдерін және бірлескен іс-қимылдарды қолдану аймақтағы медиация институтын кеңінен дамытуға, сондай-ақ жанжал деңгейін төмендетуге ықпал етеді». Сонымен қатар, облыстың аудандарында және қалаларындағы дәстүрлі «қазақ заңы» негізінде дауды шешу қабілеті бар ақылды ақсақалдар мен құрметті адамдар арасынан билер кеңесін құру туралы мәселеге тоқталды.
Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Аметов өз сөзінде медиация мәселелері бойынша облыс соттарының жалпы жағдайына тоқтала отырып статистикалық деректерін келтірді және медиация институтын дамыту жөніндегі Жоғарғы соттың бастамалары, соның ішінде Билер кеңесін құру облыс соттарында және тұрғылықты халық арасында кең қолдау тауып отырғанын атап өтті.
Сондай-ақ, жалпы Билер кеңесі мен медиация институтын одан әрі дамыту қоғамда жанжалдардың төмендеуіне оң әсерін тигізетініне сенім білдіріп, іс-шараға қатысушыларды медиация институтын дамыту бойынша белсенді және бірлескен жұмысты жалғастыруға шақырды.
Форум соңында кездесуге қатысушылар өзара пікір алмасып, медиация институтын дамытудың маңыздылығын қолдап, оны дамыту қажеттілігі және оны насихаттауға дайын екендіктерін айтып, іс-шараның ұйымдастырушыларына Жоғарғы Соттың идеялары мен бастамаларын қолдайтындықтарын жеткізді.