21
қаңтар
2018
"100 қадам" Ұлт Жоспарындағы бес институционалдық реформалардың тәжірибелік құндылығы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда заңның Үстемдігін қамтамасыз ету болып табылады.
Жылдан жылға Қазақстанда медиация нысаны соттан тыс дауларды медиатордың қатысуымен шешілетін соттармен қаралатын істердің санының өсуі байқалады. "Диалог" және "Ымыраға келу" біздің қоғамда кез келген жанжалды шешудің ең табиғи тәсілдері болуы тиіс, себебі бұл тараптарға сотқа шағымданбай өзара тиімді келісімге келуге мүмкіндік береді. Өңірде медиацияны дамытуға жағдай жасауға "Сандық Қазақстан" мемлекеттік бағдарлама аясында Батыс Қазақстан облыстық сотыңың облыс Әкімдігімен бірлесе отырып әзірленген «Медиацияға сандық технологиялар арқылы қол жеткізу» электрондық сервисі пилоттық жобасы көмектеседі. Пилоттық жоба халықтың барлық топтарына қол жетімді медиаторлар қызметіне жүгінуге жағдай жасайды және өз қызметін екі кезеңнен тұратын пилоттық режимде бастайды.
Бірінші кезеңде электронды сервисі №1 халыққа қызмет көрсету Орталығында іске қосылды және ол жеке кабинетке кіруге мүмкіндігі бар, сонымен қатар өтінімдерді бақылай алатын, пайдаланушылар үшін өтінімнің жүргізу кестесін жүргізетін ХҚКО-ның қызметкері мен тікелей медиаторларға ғана қол жетімді. Медиаторға онлайн-өтінімді ХҚКО-ның қызметкеріне бару арқылы ХҚКО–ның ғимаратында беруге болады. ХҚКО-ның қызметкері автоматтандырылған жүйе арқылы қолданыстағы кәсіби және кәсіби емес медиаторлар тізіліміне өтінішті жолдайды. Қай медиатор өтінімді бірінші болып қабылдаса, жазылу соның қабылдауына жазылады, бұл ретте, оның мамандануы мен даудың санатына байланысты шешімді медиатордың өзі қабылдайды. Тіркеуден кейін ХҚКО-ның қызметкері жүгінген адамға медиатордың аты-жөні, мекен-жайы және қабылдау уақытын хабардар ете отырып талон береді. Электрондық сервистің қызметі азаматтар мен медиаторлардың белсенділігіне тәуелді болады.
Екінші кезең 2018 жылдан басталады. Келесі жылдан бастап портал құру арқылы аталған сервисті барлық азаматтар үшін жалпы қолжетімділік деңгейіне шығару жоспарланып отыр. Бөлменің сілтемесіне кіру арқылы пайдаланушы медиация туралы материалдармен танысып, медиаторлар тізімін, жұмыс кестесін, пікірлерді және медиатордың жұмыс тәжірибесі т. б. таныса алады. Сервис дербес гаджеттер және смартфондарда жүктеу және орнату мүмкін болатын мобильдік қосымшасында қолжетімді болады.
Медиаторларға оңайлатылған қолжетімділік медиаторды таңдау үшін іздеуге кететін уақыт шығындарын, сондай-ақ, құжаттармен әуре сарсаңға түсуді, соттық дауларды болдырмайды және құқық қорғау органдарының жұмысын қысқартады.
Барлық салада жаңа технологияларды енгізу өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, демек, осындай жобаның арқасында азаматтар мәселесін тез, тиімді және үлкен шығындарсыз шешуге негіз болады. Алдағы уақытта тұрғындар даулы жағдайларды үйреншікті түрде - соттарда емес, медиаторлардың қызметін пайдалану арқылы шешудің қаншалықты ыңғайлы және тиімді екеніне көз жеткізе алады.
Қайнар: Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
#БҚО #Пилоттық_жоба #Медиация #Цифрлық_Қазақстан