16
сәуір
2019
БҚО облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Отбасылық сот» жобасы аясында Отбасылық даудағы психологтің атқаратын рөлі атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Шараға ювенальдық соттың және 2 қалалалық сотының судьялары,психологтар, кәмелетке толмағандарды қолдау қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысты.
Төрайым Слуканым Талаповна отбасындағы дауларды шешу барысында психологтардың атқаратын рөлі аса маңызды екенін және дауды татуласу арқылы шешуге мүмкіндік туғызу керектігін атап өтті.
Баланың тұрғылықты жерін анықтау және баламен кездесу тәртібін анықтау туралы мәселелерде психологтің көмегі арқылы отбасын сақтап қалуға және дауды татуласу арқылы шешуге болтынын айтып өтті.
Сот психологі С.Жапакова баланың психологиялық диагностикасы туралы,эмоцианальдық ата-аналардың қарым-қатынасы туралы өзінің психологиялық тәжірбиесімен бөлісті.
ЦСПП «Шанс» психологі дәстүрлі отбасылық құндылықтар,мәдениет және діни дәстүрлер,отбасы құру кезіндегі отбасымен байланысты дәстүрлер туралы ақпарат беріп өтті.
Отбасылық сот жобасы психологтар қызығушылық танытатынын және бірлесе жұмыс жасауға дайын екендігін білдірді.
Қайнар: Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.