20
желтоқсан
2018
"Татуласу: сотқа дейін, сотта" пилоттық жобасын іске асыру аясында Переметный ауылындғы Татуласу орталығында Зеленов аудандық сотының төрайымы Роза Сариева мен Зеленов ауданы әкімінің орынбасары Көпжан Тұрлыбековтың жеті ауылдық округінің қоғамдық медиаторларымен және үкіметтік емес ұйымдарымен бірлескен кездесу өткізді.
Сот төрайымы Р. Сариева өзінің баяндамасында билер институтын қайта жаңғыртудың тарихи маңыздылығы мен қажеттілігін атап, билердің кеңесін құруды және беделді тұрғындар арасынан Кеңес мүшелерін сайлауды ұсынды. Бастама жергілікті тұрғындар арасында татуластыру рәсімдері институтын танымал ету және оларды сотқа дейінгі кезеңде қолдану жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажеттілігінен туындады.
Зеленов ауданы әкімінің орынбасары Көбжан Тұрлыбеков қарт адамдардың даналығы мен өмірлік тәжірибесі дәстүрлі қазақ құқығы негізінде сотқа дейін дауларды шешуге ықпал ететіндігін айтып, Билер кеңесін құру туралы сот бастамасын қолдауға шақырды.
Қатысушылар сот бастамасын қолдап, билер кеңесінің мүшелерін сайлады. Кеңес құрамына Зеленов ауданының құрметті және беделді аудан тұрғындары Төлегенов Сатыбалды Ибатұлы, Абдушев Қадыбай Шуйнғалиұлы, Мендалиев Галимжан Ақжанұлы кірді.
Іс шарада билермен шешілуге тиіс даулар санаттары бойынша өз ойларын талқылап, билермен бітімгершілік рәсімдерді қолдануды күшейту бойынша барлық шараларды қабылдау қажеттігін көрсетті.
Қайнар: Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.