МЕДИАТОР КЕҢЕСІ, медиация өткізу туралы арыз қабылдау және басқа тарапқа ауызша ұсыныс беру (соның ішінде телефон арқылы) ТЕГІН жүргізіледі. Медиатормен жеке немесе пошта арқылы тараптың медиацияға шақыру шығындары медиатормен келісе отырып төленеді.
Медиация рәсімін өкізгені үшін МЕДИАТОРДЫҢ СЫЙАҚЫ МӨЛШЕРІ медиация басталмастан бұрын тараптардың келісуімен айқындалады және МЕДИАЦИЯ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМДЕ көрсетіледі. Медияция өткізу шығындары тараптармен бірігіп тең мөлшерде немесе бір тараппен төленеді.
Медиатордың қызметінің бағасы МҮЛІКТІК ЕМЕС ДАУЛАР БОЙЫНША ЖӘНЕ 150 000 теңгеге дейінгі МҮЛІКТІК ДАУЛАР БОЙЫНША әр тараптан 10 000 ТЕҢГЕНІ құрайды.
150 000 теңгеден асатын МҮЛІКТІК ДАУЛАР бойынша медиатор сыйақысының мөлшері ТАРАПТАРМЕН КЕЛІСІЛІП арнайы айқындалады. Бұл жағдайда, сыйақы мөлшері дауға қатысушылардың санына, дау мөлшеріне, мемлекеттік баж мөлшеріне және басқа да өлшемдерге байланысты
Кәсіптік медиаторлар медиация рәсімін азаматтардың келесі санаттары үшін тегін негізде өткізуіне болады:
- Мүгедектер, ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғаларға;
- Мүгедек балдары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;
- Жалғыз аналар, көп балалы аналар және кәмелет жасқа толмағандарға;
- Балалар үйінің және интернат түлектеріне;
- Күнкөрісі төмен отбасыларға;
- Қылмыстық іс бойынша жәбірленушілерге.