17
қыркүйек
2018
Жұмыскердің еңбек құқықтарының аса таралған бұзушылығы жалақыны төлеу бойынша жұмыс берушімен өзінің міндеттерін орындамау болып табылады, соның ішінде жалақыны төлеу мерзімдерін бұзу, есептелген жалақыны төлемеу, тиісті төлеусіз жұмыскерді жұмыстан шығару.
Тасқала аудандық сотымен жалақыны өндіру туралы азаматтық істі сот медиация тәртібімен тоқтатылды.
Талап қоюшы И жауапкер «Д» атты ЖШС-не жалақысы бойынша құрылған берешегін өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгініп, 2017 жылдың қыркүйек айыннан бастап аталған ЖШС-де есепші болып жұмыс атқарған. Ағымдағы жылдың сәуір айыннан бастап шілде айына дейін ЖШС-де жалақы бойынша 326.673 теңге берешек құрылғаны, жалақысы бойынша берешегін өндіруді сұраған.
Істі қарау барысында тараптар, өзара келісілген мәмілені ортаға салып, талап қоюшы өз талабынан толық көлемде бас тартатының, ал өз кезегінде ЖШС-нің директоры жауапкер ретінде көрсетілген мерзімге дейін талап қоюшыға 326.673 теңге жалақы сомасын қайтаруға міндеттелді. Аталған келісімді бекітіп, іс бойынша өндірісін тоқтатуға сұрады.
Тасқала аудандық сотының ұйғарымына сай, жалақысын өндіру туралы азаматтық іс судья-медиатор медиация рәсімін өткізуіне байланысты тоқтатылды.